Accessibility links

Индонезия президенті лаңкестік шабуылдардың қайталануы мүмкін деп ескертеді


ДЖАКАРТА. Кеше Индонезия президенті Сузило Бамбанг Юдхойоно террористер Бали аралындағы сенбі күнгі 3 жарылыстан басқа қастандықтарды ұйымдастыруы мүмкін деп ескертті: “Біз терроризмге қарсы ұлттық күресімізді одан әрі күшейте түсеміз. Біз күш-жігеріміздің лаңкестіктен қорғануға, лаңкестікті ауыздықтап, оған тойтарыс беруге жететініне көз жеткізуіміз керек. Біз Индонезиядағы терроризмге қарсы үзіліссіз күресу үшін бүкіл дүние жүзімен, аймақ елдерімен ынтымақтасуды жоспарлап отырмыз” деп лаңкестікке қарсы аяусыз күресуге шақырды. Бали аралындағы сенбі күнгі 3 жарылытан кемінде 26 адам, оның ішінде шетелдік турситер қаза болып, 120-дан аса адам жараланды.
XS
SM
MD
LG