Accessibility links

Палестинаның қауіпсіздік күштері Газа аймағында өзі тәртіп орнату үстінде


ТАЯУ ШЫҒЫС. Кеше кешкісін Газа қаласында Палестина полициясы мен экстремистік “Хамас” тобының белсенділері қақтығысып, полиция офицері мен бір тұрғын қаза болып, 40-тан аса кісі жарақат алды. Палестина үкіметінің хабарлауынша, полицейлер “Хамас” тобының мүшелері келе жатқан автокөлікті тоқтатпақ болғанында, олар қарсы оқ атып, гранат тастаған. Израильді зымырандармен атқылау доғарылады деп уәде берілген соң кеше Израиль экстремистерге қарсы Газа аймағындағы операциясын уақытша тоқтатты. Палестина автономиясының лидері М.Аббас пен Израиль премьері Ариэль Шарон осы айда кездесуге уағдаласты.
XS
SM
MD
LG