Accessibility links

Қазанның 3і – Қазақстанда президенттікке үміткерлерді ұсынатын соңғы күн


Осы уақытқа дейін, сайлау додасына түсуге 17 адамнан өтініш түскен. Олардың ішінде 4 адам республикалық қоғамдық бірлестіктерден, ал, 13 адам өздерін өздері шығарған болатын. Бірақ, лингвистер комиссиясының сынағынан тек 12 адам өтті. Олар мемлекеттік тіл емтиханынан аман өткен. Ал, 3 адам бұл сынақтан өтпей қалды. Үшеуі де әйел адам.

Саясаткерлердің көбі көптеген үміткерлер не билік, не оппозицияға дауыс бөліп алу үшін ғана сайысқа түскен, дейді. Президенттіктен үміткер Уәлихан Қайсаровтың айтуынша, бұл пікір қате:

- Саясаткерлердің көбісі Қайсаров билік, не оппозицияға дауыс бөліп алу үшін ғана сайысқа түскен дейді. Бұл пікір қате.

Президенттіктен үміткер Әлихан Бәйменовтың айтуынша, сайлауға түсетіндерді бірнеше топқа бөлуге болады:

- Тек қана бәрі ақ дейтіндер билікте, оппозициядағылардың көбісі бәрі қара деп жүр.

Кейбір саясаткерлер оппозициялық күштер қазіргі прездиентке бәсеке бола алмайды, деген пікір таратқан. Бірақ, бұл биліктің оппозицияны мүлде елемей отыр деген сөз емес, дейді саясаттанушы Досым Сәтбаев. Оның айтуынша, оппозиция сайлау нәтижесіне күмән келтіруі ықтимал.

Президенттіктен үміткер Жармахан Тұяқбай штабының өкілі Әміржан Қосановтың айтуынша, сайлау кезінде заң бұзылып жатса, бұл туралы мәлімет міндетті түрде таратылады:

- Оппозиция әрине сайлау кезінде заң бұзылса, ол туралы біз өз халқымызғада халықаралық ұйымдарға жария етеміз.

Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың пайымдауынша, оппозиция көп сын айтқанымен саяси реформаларға қатысты нақты ұсыныстары жоқ. Мысалы, оппозиция өкілдері мұнайдан түскен табысты халыққа бөліп беруді ұсынып отыр. Ол ақшаны жеп қойғанда бізге қандай пайда. Ал, президент Назарбаевтың саясаты көзге көрініп тұр, дейді саясаттанушы. Байқасаңыз елдің әл ауқаты соңғы кезде жақсарған. Еңбекақы, жәрдемақы, шәкіртақы және зейнетақы мөлшері көбейген, дейді Болат Сұлтанов.

Саясаттанушы Досым Сәтбаевтің айтуынша, керісінше оппозицияда нақты ұсыныстар болған. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамыту, жаңа конституция жасау, мұнайгаз саласындағы ашықтықты көбеуте сияқты жақсы ұсыныстарды жасаған солар, дейді сасаттанушы. Оппозиция өкілі Әміржан Қосановтың айтуыншада, олардың ұсыныстары аз емес:

- Негізгі ұсыныс жаңа конституция. Еегерде билік саяси реформалар жасаймыз десе, біз екінші жағынан конституциямыз соған сай деп талқыласақ, оның несі айып.

Оппозиция өкілдерінің айтуынша, іс жүзінде президенттік сайлау науқаны бір жыл бұрын басталып кеткен. Және оны бәрінен бұрын билік бастады, дейді олар. Сондықтан, әлеуметтік мәселелерді шешуге орасан қаржы бөлінді, деген пікір бар. Әлихан Бәйменовтың айтуынша, сайлауға түсетіндердің ішінде ел қамын емес, қара басының қамын ойлатындар болуы ықтимал:

- Кейбір тәуелсізбін деп жүрген саясаткерлердің өзі үлкен қалтаның, әмиянның қолжаулығы болып кетеді. Кейін ол қалта дегенін істеткізеді. Оны біз кейбір ТМД елдерінде көріп жүрміз.

Уәлихан Қайсаровтың айтуынша, саяси реформалар жүргізу үшін, биліктің де оппозицияныңда тиімді ұсыныстарын алуға болады:

- Оппозицияныңда тиімді ұсыныстарын алуға болады, биілктіңде кейбір нәрселерін алып тастауға болады.

Қазақстанда кезекті президент сайлауы желтоқсанның 4-інде өтуі тиіс. Қазанның 4-інен үміткерлерді тіркеу басталады. Тіркеу сайлауға қырық күн қалғанда, яғни, 2005 жылғы қазанның 24-інде аяқталады. Ал, қазанның 25-інен желтоқсанның 2-не дейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
XS
SM
MD
LG