Accessibility links

Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бірыңғай бейбіт мақсатта іске асырылып жатқанына МАГАТЭ-нің көзін жеткізе алмады


ВАШИНГТОН. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің соңғы есебін сілтеп көрсеткен ресми Вашингтон Иранға оның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған көмекті дереу тоқтатуға шақырды. Теһранға осындай көмек беріп келген елдерге деген Ақ үйдің осы үндеуін мемлекеттік хатшының көмекшісі Стефен Радемейкер естіртті. Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бірыңғай бейбіт мақсатта іске асырылып жатқанына МАГАТЭ-нің көзін жеткізе алмады. МАГАТЭ “Иран мәселесі” БҰҰ-ының қауіпсіздік Кеңесіне берілуі мүмкін деп ескертті. Стефен Радемейкердің мәлімдемесі Ресейді атамаса да, жанама түрде соған арналды.
XS
SM
MD
LG