Accessibility links

43 жылдан кейін мұсылман елі Түркияның Еуропа Одағына мүшелікке ену жөніндегі келіссөздері басталатын болды


Еуропа Одағы сыртқы істер министрлерінің дүйсенбінің кешіндегі Түркиямен мүшелікке ену жөніндегі қарқынды пікірталастардан 30 сағат өткен соң, Анкараның 43 жыл бойы күткен мәселесінің шешіміне әкелетін келіссөздерге жол ашылды. Министрлер Кипр мен Австрияның Түркияға қатысты қатал сыни күдіктерін артқа тастады.

ЕуроОдақтың дүйсенбі күні кешкісін қабылдаған шешімі 70 миллион халқы бар мұсылман елі Түркияға жақын бір күні одаққа қосылу мүмкіндігін береді. Еуропа Одағының қазіргі төрағалығындағы Британияның сыртқы істер министрі Джек Стро, осындай қиын келіссөздерге жиі жетекші болып келеді. Стро түркиялық әріптесі Абдуллах Гүлдің дүйсенбі күні Люксембургке келіп, шешім мақұлданғаннан кейін бұл туралы жариялады.

«Мен Түркияның Еуропа Одағына кіруі жөніндегі келіссөздерге қазірде қол жетіп, енді жақын болашақта басталатыны жайлы хабарлағаныма өте риза болып тұрмын. Мен біздің мұны түн ортасына дейінгі уақытта, мүмкін түн ортасыннан ауғаннан кейін де жасай аламыз деп үмітенем, бірақ менің ойымша, біз маусым айында мақұлданған Еуропалық Кеңестің 17-ші желтоқсанға белгіленген талаптарына жауап беріп, келіссөздерді 3-ші қазанда бастап отырмыз», - деді Стро.

Анкара дүйсенбінің кешіне дейін, Түркиядағы Британия елшісімен Еуро одақ ұсынысы мұқият қаралып мен ақырғы мәселелер бойынша келіссөздер аяқталғанша, өз келісімін бермей келген. Сейсенбі күні таңертең Люксембургете өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген Түркия премьер министрі Абдулла Гүл, соңғы шешімге қатысты өзінің қанағаттанарлық сезімін былай білдірген.

«Түркия өзі қалаған толық мүшеліке ену келешек жоспарына қолы жетті. Мұнда басқа балама жоқ. Түркия келіссөздер барысында, оны жақсы көрсете алады. Және мен соңғы келіссөзге қол қоятын күн де келетініне сенім артамын», - деді Абдулла Гүл.

Австрия бұл тұрғыда Еуропа Одағының бұл шешімінде ақыр соңында Түркия одаққа толық кіре ала ма деген күдік қалып отырғанын айтқан. Түркияның Еуро одақтың мүшелікке ену қабілеті деп аталған өзекті шартына Түркия оншалықты мән бергісі келмейді. Дүйсенбіде Австрия Түркияны Еуро одаққа толық мүше етіп алмай, оның орнына жеңілдетілген әріптестік ұсыну жөніндегі өзінің талаптарын қайтып алды. Тағы бір Еуро Одақ декларациясындағы пікірталас тудырған бір мәселе параграфтағы, Түркия Еуро Одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдар қатарына қосылуына кедергі болмауы керек деген мәлімдеулері болды. Түркия бұған дейін бәсекелес Кипрдің НАТО-ға қосылуына өз уәжін айтып келген болатын. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың бұл мәселеге байланысты телефонмен сөйлесуі Анкараның көзін жеткізген еді. Мәтіннің осыған ұқсас тұсында Түркия Еуропа Одағының сыртқы саясат шешімдеріне бағынуы керек деп айтылған. Анкара тағы да өзінің Кипрге байланысты көзқарастарын қайталады. Бұл мәселеде шешімін тапты десе болады, дегенмен ол келісімінің егжей-тегжейі әзірге дайын емес. Еуро Одақтың кеңеюі жөніндегі комиссары Олли Рен, сейсенбі күні баспасөз мәслихатында, дәл қазір Түркия мен Еуро Одақ үшін күрделі де қиын болған келісіссөздерді артқа тастап, болашаққа қарайтын уақыт келді дегенді айтты.

«Біз Түркиямен қарым-қатынастарымыздағы жаңа кезеңді бастадық. Біздің бәріміз де апталар және айлар бойы көптеген күрделі мәселелер болғанын білеміз. Қазір бізде жаңадан бастауға және нақты тиімді келісімдерге назар аударатын, сөйтіп Түркия мен Еуропаның жақсы болашағын құратындай әділетті және мұқият келісімдер жасауға мүмкіндігіміз бар», - деп атап көрсеткен Олли Рен.

Алайда, бұл екі тарапқа да Түркияның алдында әлі де ұзақ жол болу мүмкін екені де айқын болып отыр. Бұл келіссөздер он жылдан бері күтіліп келген еді. Түркияның мүше болуына қарсылықтар тек Австрия мен Кипр тарапынан ғана болып отырған жоқ. Қорытындылап айтар болсақ, мүшелікке толық ену мәселесін Еуроодақтың барлық елдері мақұлдауы тиіс. Олардың кейбіреулері өз елдерінде Түркияның Еуро Одаққа қабылдануы турасында референдум өткіземіз дегенді айтты. Оның ішінде Франция бұл мәселе бойынша референдум өткізетіндіктері туралы жариялап қойған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG