БАҒДАД. БҰҰ-ы мен Америка Құрама Штаттары Ирақ парламентінің елде Ата заң жобасы бойынша өтетін референдумға тиісті заңнамаға өзгерістер енгізгеніне алаңдаушылықтарын білдірді. Дәлірек айтқанда, жаңа ережелер осы айда өтетін референдумда дауыс берушілердің Конституция жобасын қолдамауына қиындық туғызады. Бұл өзгерістер халықаралық талаптарды бұзады, сондықтан Ирақ парламенті тарапынан мақұлданған жаңа ережелер өзгертілуі тиіс дейді БҰҰ-ның өкілі Стефани Дужарик. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон МакКормак та бұл өзгерістерге алаңдаушылығын білдірді. Жексенбі күні Ирақ парламенті егер 15-ші қазанда өтетін референдумда дауыс бергендердің жартысы жаңа Ата заң жобасын қолдап дауыс берсе, онда конституция жобасы мақұлданды деп есептелетін болады деген өзгерістер енгізді. Бірақ өзгерістерге сәйкес, жобаны жоққа шығару үшін кемінде үш провинцияда жалпы дауыс бергендердің үштен екісі оны қолдамауға тиіс. Бұл Конституция жобасына наразылық білдірген сунни арабтар үшін жобаны қолдамауларына қиындық туғызады.
БҰҰ мен АҚШ Ирақ парламентінің референдумға тиісті өзгерістерді енгізгеніне алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?