БАҒДАД. Бүгін Ирақ парламенті жаңа конституцияның жобасы бойынша келесі аптада өтетін референдумды өткізудің тәртібі туралы заңға енгізілген өзгерістерді түгел қайта қарап дауысқа салды. Бұл өзгерістерге АҚШ пен БҰҰ-ы наразы болып, Ұлттар Ұйымының өкілі ол өзгерістерді “халықаралық стандарттарға лайық емес” деп бағалады. Өзгерістерге сәйкес, жаңа Ата заң жобасын референдумда қабылдау үшін оған қатысқан сайлаушылардың 50 проценті қолдаса жеткілікті. Алайда Ирақтағы сүннитердің жобаны қабылдаттырмауы үшін кемінде 3 өлкедегі барлық сайлаушының 2/3-сі қарсы дауыс беруге тиіс. Сүнниттер жаңа конституция Ирақты жік-жікке бөліп, мұнайға бай аймақтар шийттер мен күрдтердің үлесіне тиіді деп алаңдайды. Бүгін Прагада Ирақ президенті Жалал Талабани парламенттің сайлау заңына өзгеріс енгізу құқы бар деп қорғады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV