Accessibility links

Германиядағы бітіспес 2 партияның арасында “Үлкен коалиция” құрылуы мүмкін


БЕРЛИН. Бүгін Германия канцлері Герхард Шредердің партиясы мен Ангела Меркель бастаған оның консервативтік бақталасы “Үлкен коалициялық үкімет” жасақтау мәселесімен өзара келісөздің үшінші сатысына кірісті. Г.Шредердің социал-демократтары да, А.Меркельдің христиан-демократтары да бұл келіссөзге соңғы парламент сайлауында екі партияның да басым дауыс жинай алмауына байланысты барып отырғанын мәлімдейді. Бірақ екі лидер де канцлерлікке өзінің отыруын талап етуде. А.Меркельдің партиясы парламенттегі ең ірі блок болғандықтан, үкіме басына өзінің үміткері отыру керек десе, Г.Шредер кез-келген үкіметті бастауға дайын екенін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG