Accessibility links

Құс тұмауы эпидемиясының кең таралу мүмкіндігі халықаралық алаңдаушылық тудырып отыр


Өткен аптада Құрама штаттардың ресми өкілдері, осыған дейін әсіресе Азияда 70 шақты адамның өліміне әкелген құс тұмауы ауруы басқа формада кең етек алып әлемде әсіресе Таяу Шығыста он миллиондаған адамның өмірін қиюы мүмкін деп ескертті. Азиялықтар осы айдың соңында бұл мәселеге орай мәжіліс өткізуге дайындалып жатқан тұста, президент Джордж Буш сейсенбі күні АҚШ Конгресінде сөйлегенінде, әскери күштер эпидемия болған жағдайда қажетті карантин яғни оқшаулауға мәжбүр екенін айтқан. Сәрсенбі күнгі хабарларға қарағанда, осы кезде Құрама штаттар ғалымдары қазіргі құс тұмауы ауруының бұл түрі - 1918 жылы көп адам шығынын әкелген, демек сол кезде 50 миллион адам қаза болған эпидемия тәрізді екенін айтып отыр.

Әлем елдерін құс тұмауы ауруы эпидемиясына дайындау міндеттемесін алған БҰҰ-ның өкілі доктор Дэвид Набарро өткен аптада Нью Йорктегі баспасөз маслихатында дабыл қағып, бұл жұқпалы құс тұмауы ауруы кең етек алса, бұл 150 миллион адамның өмірін қиюы мүмкін деді. Азиядағы қазіргі құс тұмауы вирусының бүгінгі мутанты, мен айтқандай миллиондаған үй құстарының өліміне және миллиардтаған экономикалық шығынға әкелді.

Набарроның бұл айтқандары тым дабылды болғандықтан, аздаған сағаттан кейін Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы оны анықтау қажеттігін сезінді. Тура сол тұста Женевада сөз алған Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының өкілі Дик Томпсон, ұйымның бағалауы бойынша әлемдегі қандай да бір жұқпалы ауру болсын ол 2 және 7,4 миллион адамның шығынын әкелетін айтқан.

«Мұнда бұл жұқпалы аурудың адамдар арасында кең етек алып онда өлімнің қанша болуы мүмкіндігі туралы бірқатар тәжірбиелі мамандардың пікірі бар. Доктор Набарро бізге сол сарапшы мамандардың айтқанын беріп отыр. Оның бәрі болжамдар. Ешкімде білмейді және біз де эпидемия басталғанша бұл жұқпалы ауру қанша адам шығынын әкелетінін біле алмаймыз», - дейді Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының өкілі Дик Томпсон.

Расында бұл дәл қазір үлкен мәселе ме әлде жоқ па, оны әлі ешкім де білмейді. Алайда, сарапшы мамандар расында әлемді үлкен жұқпалы ауру эпидемиясы күтіп тұрғанын айтады, бірақ оның осы құс тұмауының вирусынан ба немесе басқа бір вирустан тарау мүмкіндігін ешкім де анық айта алмайды. Бұл тұрғыда Голландияның Роттердам қаласындағы Вирусология институтынан доктор Альберт Остерхауз:

«Қауіптің бар екені рас. Өткен ғасырда біз он миллиондаған кісі өліміне әкелген өте үлкен жұқпалы тұмаудың үш түрлісін көрдік. Және мұнда ол тағы қайталанбайды дегенге еш негіз жоқ. Және менің ойымша, біздің қазіргі тап болып отырған адамдардың бұл H5N1 инфекциясы тек келесі пандемияда жалғасуы мүмкін, дегенмен біз оған 100 процент сенімді емеспіз. Біз осы H5N1 вирусы келесі жұқпалы ауру эпидемиясының негізі болатынына да сенімді емеспіз», - дейді.

2003 жылдан бері азиялық құс тұмауы ауруы 70 адамның өмірін қиды, соңғы өлім оқиғасы осы аптада Вьетнамда орын алды. Бірақ, бұл Ресей мен Европадан табылған құрбандардың барлығы ауруға шалдыққан құстармен тікелей байланыста болғандығы анықталған.

Пандемия немесе жұқпалы аурудың қандай да бір түрі әлемде үлкен алаңдаушылық туғызатыны белгілі. Бірақ, Набарро сияқты сарапшылар көшпелі құстардың үлгісі мен үй құстарының жоғары көтерілу тәсілдері нақты бір аймақтарға аса үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады. Көп бақылаушылар құс тұмауы ауруын жұқтырған көшпелі құстар Азиядан Таяу Шығысқа дейін ұшқанда осы аймақта өсіріліп жатқан көптеген үй құстарына вирус кең таралып кетер деп қорқады.

Сәрсенбі күні Канберра қаласында сыртқы істер министрі Александр Доунер Аустралия елі осы айдың соңында құс тұмауы ауруына қатысты Азия тынық мұхиты жағалауындағы елдердің аймақтық отырысына жетекші болады деп мәлімдеді. Бірақ, алаңдаушылықтар бұл аралықтан да асып ғаламдық мәселеге айналып отыр. Уашингтонда сейсенбі күні берген баспасөз мәслихатының көп уақытын АҚШ президенті Джордж Буш эпидемияның таралу мүмкіндігі туралы мәселені талқылауға арнады. Буштың мәлімдеуінше, Ақ үй құс тұмауы ауруына байланысты арнайы дайындықтар жасап жатыр. Буштың айтуынша, ол Конгрестен билік үшін әскери жасақтарды қажетті жағдайда карантин жасауға пайдалану керек деп сұрағанын жеткізді.

«Құс тұмауына қатысты саяси шешім қабылдау президент үшін қиын болды. Оған бір мысал, егер бізде аурудың таралуы Құрама штаттардың бір жерінде болса, біз одан кейін елдегі ол жерге карантин жасай аламыз ба? Содан соң сіз қалай оқшаулауға мәжбүрлейсіз? Бұл өз ұшақтарыңызды жауып тастайтын бір нәрсе емес, бұл адамдарды кең етек алған құс тұмауынан қорғау басқа мәселе. Және ең жақсы карантин жүргізе алатын кімдер? Бір балама жағдай әскери күштерді бұл жоспарды жүзеге асыруға пайдалану», - деген президент Буш.

Американдық зерттеушілердің жүргізген зерттеулері туралы сәрсенбі күні жарық көрген «Science» журналы 1918 жылғы жұқпалы аурудың көп шығын әкелген есептерін жариялады. Ғалымдардың айтуынша, сол кезде “Испан тұмауы” деп аталған құс тұмауы эпидемиясы 50 миллион адамның өліміне соқтырған екен.
XS
SM
MD
LG