Accessibility links

Алматыда биліктен жер сұрап, наразылық танытқандарды полиция қамауға алды


Алматы қаласы мен Алматы облысында жақсы, құнарлы жердің барлығы жаппай саудаға түсіп, бұнда тек қалталы азаматтардың ұпайлары түгенделіп, жер сатып алуға ақшасы жоқ қарапайым тұрғындар телімдей болсадағы жерсіз қалып жатқанына наразы болған жалпысы қала мен облыстағы жер саясатына риза емес шамасы 500 ге жуық адам қазанның 5 нен бастап Алматы қаласындағы Рысқұлов көшесі мен Құлжа даңғыл жол қиылысы маңындағы иесіз жерді өздерінше иемденіп, сонда наразылық акцияларын өткізе бастаған болатын.

Алайда қазанның 6-сы күні таңертең ертемен наразылық танытушылар өздері әкеліп тіккен кигіз үйлерінде шырт ұйқыда жатқанда полиция күштері кенет лап беріп оларды анау мынауға қаратпастан сүйрелеп, автобустарға күшпен отырғыза бастаған. Осы оқиғаны көргендердің айтуларынша полиция қызметкерлері наразылық акциясына қатысқандарға, әйел еркек демей күш қолданып, қайсыбірін қуып жүріп ұстап күшпен автобусқа мінгізіп, неге екені белгісіз Алматы облысының Талғар аудандық ішкі істер басқармасына алып келіп осында уақытша қамауға алған. Талғар аудандық ішкі істер басқармасы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Садықовтың айтуынша уақытша қамауда қәзір 56 адам отыр. Олар Алматы қаласы шетіндегі бұрыннан иесі бар жерді күшпен басып алмақ болған. Ал осы жер иесінен полицияға арыз өтініш түскендіктен полиция сол жерге барып наразылық жасаушы азаматтарды ұстаған. Қәзір олардың кім екендіктері тексерілу үстінде. Көбі Қазақстанның басқа жақтарынан келгендер. Біреудің жерін тартып алмақ болғандары үшін және сол жерде заңсыз митинг өткізгендері үшін сот арқылы жауапқа тартылады деді полиция поковнигі.

Ал Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Дүйсенбек Баймақановтың айтуынша жер үшін наразылық танытушылардың көбі әйел адамдар. Олардың көбі Семей, Маңғыстау, Қызылорда секілді облыс, аймақтардан келіпті. Егерде заң бұзылса онда олар жауап береді, ал заң бұзылмаса онда полиция оларды дереу босатуы тиісті болмақ. Наразылық танытушылардың бірі Райқан Исаева өзінің 20 жылдан астам уақыт үйсіз күйсіз, тек жатаққана жағалап келе жатқанын айтады. Ол өзінің жағдайынан гөрі болашақ бала шағасының тағдырына аса алаңдаулы екендігін айтады. Ал Болатқазы Иманасов болса батыр бабалар осы жер үшін қанын төгіп өздерінің ұрпақтарына осыншама жерді қалдырды, енді міне бұл жердің саудаға түсіп жатқанына қатты қиналатындығын жеткізді. Жер ешкімге де сатылмауы тиісті ол халықтікі дейді ол. Наразылық танытушылар осы мақсатымыздан қайтпаймыз дегенді алға тартып отыр.
XS
SM
MD
LG