Анкара. Түркия Евродаққа мүшелік турасындағы келіссөзді Брюсселде дүйсенбі күні бастаған болатын. Рен өзінің Түркиядағы екі күндік сапарында Түркияның экономика министрі, сондай-ақ, Евродақпен келіссөз жүргізетін делегация жетекшісі Али Бабаканмен де кездесетін болады.