Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш терроризмге қарсы соғыс мәселесіне қатысты әкімшілігінің стратегиясын сипаттап берді


ВАШИНГТОН. Буштың айтуынша, Америка ешқашан шегінбейді, ешқашан берілмейді және ол толық жеңіске жетуді мақсат етіп қойған. Исламшыл радикалдар “анық идеологияға” ие деді Буш мырза. Ол радикалдардың сенімдерін “Исламдық фашизм” деп атап атады. Буш, сондай-ақ, АҚШ әскерлерінің Ирақтан шығарылуын талап етушілердің сындарын жоққа шығарды. Бұл қақтығыс Испаниядан Индонезияға шейін радикалды Ислам империясын орнатуды көздеген соғысушыларды жою үшін маңызды, деді АҚШ президенті. “2001-ші жылы қыркүйектің 11-нде біз Ирақта емес едік. Бірақ Әл-Қаида бізге шабуыл жасады. Радикалдардың өшпенділігі мәселесі Ирақ соғысынан бұрын болған. Бұл мәселенің Ирақтан кейін де болуы енді ақталмайды. Ресей үкіметі Ирақтың азаттығына қатысты операцияны қолдамаған болатын, дегенмен соғысушылар Бесландағы мектепте 180-нен астам ресейлікті өлтірді,” деді Буш.

Оның айтуынша, 2001 жылы қыркүйектің 11-нен бері АҚШ-ы мен терроризмге қарсы соғыстағы оның серіктестері Әл-Қаида тарапынан жүзеге асырылмақшы болған 10 террористік шабуылды болдырмаған. АҚШ президенті сондай-ақ Иран мен Сирияны террористік топтарға көмектесіп жатыр деп айыптады.
XS
SM
MD
LG