Accessibility links

2005 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына МАГАТЭ атом агенттігі мен оның бас директоры Мохаммед әл-Барадей лайық деп табылды


Агенттік пен оның Бас директорына мұндай жоғары дәрежелі халықаралық сыйлық - атом қуатын соғыс мақсатында қолдануға жол бермей, оны пайдаланудың қауіпсіздігін азайту бағытында атқарған іс-шаралары үшін берілді. Халықаралық атом энергиясы агенттігі БҰҰ-ның бір құрылымы ретінде 1957 жылы құрылған. Агенттік БҰҰ-на мүше елдермен және басқа да ұйымдармен ядролық технологияларды қолдануды жетілдіру бағытында жұмыс істейді. Мохаммед әл-Барадей агенттікке 1997 жылдан жетекшілік етеді. Египеттің тумасы әл-Барадей БҰҰ-на қызметке 1980 жылы келген, ол агенттік төрағалығына үш мерзім қатарынан сайланды.
XS
SM
MD
LG