Ал бұл арада жұма күні Теһранда ядролық бағдарламаның бейбітшілік мақсатта пайдаланылуын қолдап мыңдаған адам шеруге шықты. Иран сыртқы істер министрі Моттақидың теледидардан айтуынша, егер БҰҰ-ның атом агенттігі алдағы қараша айында болатын жиында Иран жөніндегі өз шешімін өзгертпесе, онда Иран тексеру тобының жұмысына рұхсат бермейді, деді. Өткен айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ядролық бағдарлама бойынша қойылған шарттарды орындамаса Иранға қарсы санкциялар жарияланады деп ескерткен болатын. Жұма күні Теһранда шеруге шыққан қауым «Ядролық энергия – біздің өз шаруамыз, Америкаға, Израильға - өлім!» деп ұрандатты.