Accessibility links

АҚШ армиясының хабарлауынша, жұма күні Ирақтың батыс аймағында бүлікшіл топпен болған шайқастарда американдық десанттан 6 кісі қаза тапқан


Олардың төртеуі Фаллуджадағы бомба жарылысында, ал қалған екеуі Сириямен шекаралас ауданда оққа ұшқан. Ал одан сәл бұрын АҚШ әскерилері Анбар уалаятында кемінде 29 қарулыны атып өлтірдік деп хабарлаған-ды. Өткен түні Басрада Британия әскерлері күдікті делінген 12 адамды тұтқынға алған болатын.
XS
SM
MD
LG