АНКАРА. Түркия үкіметі бірінші рет аңғарылған “құс тұмауын” ауыздықтауға дереу кірісті. Кеше үкімет елдің батысындағы тұмау жұққан 2 мыңдай күрке тауық өлген Былықесір өлкесіндегі құс фермасын жапты. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, жергілікті билік барлық үй құсы мен иесіз итті түгел жоймақшы. Түркияның ауыл шарушылық министрі Меһди Екер ондағы ахуал “толық бақылауға алынды” деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау саласының мамандары егер “құс тұмауы” адамға жұғатын болса, осы күні бүкіл әлемде денсаулыққа төнген ең зор қатер болады деп ескертіп отыр.