БЕРЛИН: Бүгін христиан-демократтары партиясының лидері Ангела Меркель социал-демократтардың лидері әрі қазіргі канцлер Г.Шредермен арада қол жеткен келісімге сәйкес, өзінің Германия тарихында канцлер болған тұңғыш әйел болатынын растады. Бүгін өткізген баспасөз-маслихатында Меркель: “Христиан-демократтары канцлер лауазымын алады. Христиан-демократтары мен социал-демократтар кабинетті тең бөліседі. Бұл – бірінің екіншісін басынуға жол бермейді”, деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Г.Шредердің социал-демократиялық партиясымен өзара “Үлкен коалициялық үкімет” жасақтау жөнінде келіссөз жүргізуге өз блогінің келіскенін мәлімдеді. Үкіметті жасақтау бойынша келіссөз ресми түрде 17-інші қазанда басталып, оны 12-нші қарашаға қарай аяқтауға тырыспақшы. Меркель ханым сыртқы саясат жөнінде социал-демократтармен ортақ тіл табуға үміттенетінін атап көрсетіп, АҚШ-пен арада жақсы қатынас орнатуды “маңызды міндет” деп бағалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты