Accessibility links

Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушы белсенді қамалды


Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушы белсенді Мұтабар Тожибоева осыдан екі күн бұрын қамауға алыныпты. Бұл туралы бүгін ресми жарияланды, бас прокуратураның айтуынша, Мұтабар Тожибоева бопсалау жасады деп айыпталды. Мұтабар Тожибоева Ферғана қаласында орналасқан адам құқықықтарын қорғау ұйымын басқарады. Әндіжан көтерілісін ұйымдастырды деп сотталып жатқан 15 азаматтың кейбіреуі Мұтабар Тожибоева революция жасаңдар деп айтақтады деп көрсеткен. Оппозиция белсенділері Ташкенттегі сот әділетсіз өтіп жатыр, соттың мақсаты жүздеген халықты өлтірткен үкіметті ақтап алу дейді.
XS
SM
MD
LG