ДУШАНБЕ: Кеше Тәжікстанның Жоғарғы Соты журналист Жумабой Толибовты бостандыққа шығару туралы өкім шығарды. Өткен шілде айында Шаһристан қаласының соты қызмет бабын асыра пайдаланды және маскүнемдік жасады денген айыптармен Ж.Толибовты 2 жыл мерзімге кескен болатын. Журналистің өзі ресми билік ішіндегі сыбайластық жемқорлықты әшкерелеп жазғаны үшін жазаға тартылғанын мәлемдейді. Тәжікстандағы баспасөз құралдарының құқын қорғаушы топтың жетекшісі әрі тәуелсіз ақпарат құралдары ассоциациясының төрағасы Нуриддин Қаршобоев сот әділ шешім қабылдады деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?