БЕЖИН: Дәл осы сағаттарда Қытай адам отырған екінші ғарыш кемесін ұшыруға тиіс. 2 ғарышкері бар ғарыш зымыраны Астана уақыты бойынша таңғы сағат 6-мен 7-нің аралығында Гоби шөліндегі ғарыш алаңынан самғайтын болады. Ғарыш алаңына шетел журналистері жіберілген жоқ. Бірақ Қытай тікелей радиохабар беріп тұрмақшы. Қытай ғарышкерлері жер орбитасында 5 күндей болып кейін оралуға тиіс. Осыдан 2 жыл бұрын Қытай алғаш рет ғарышкері бар зымыранын орбитаға ойдағыдай ұшырып, Совет Одағы мен АҚШ-тың қатарына қосылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақстан тәуелсіздігін жарияласын деп талап қойғандар неге қудалауға түсті?