Accessibility links

ҚХР-сы – ғарышқа адам отырған екінші зымыранын сапарға аттандырды


БЕЖИН: Қытай бүгін таңертең Гоби шөліндегі ғарыш алаңынан көкке самғаған ғарыш кемесінің жер орбитасына шыққанын хабарлады. Қытайлық 2 ғарышкер жер төңірегіндегі орбитада 5 күн болған соң қайта оралуға тиіс. Қытай премьер-министрі Вэн Джибао ғарыш мекемесінің ұжымын кеменің сәтті ұшуымен құттықтады. Ғарыш аппаратының Ганьсу облысынан ұшқан сәтін Қытайдың мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Осыдан 2 жыл бұрын Қытай алғаш рет ғарышкері бар зымыранын орбитаға ойдағыдай ұшырып, Совет Одағы мен АҚШ-тың қатарына қосылған болатын.
XS
SM
MD
LG