АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Өзбекстаннан басқа Орталық Азия елдерінің президенттеріне қолдау көрсетемін деп уәде беруі мүмкін, дейді кейбір сарапшылар, оның ішінде Қазақстанғада. Бұған дейін, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джозетт Шайер АҚШ Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына кіруіне ықпал жасауы мүмкін екендігін білдірген. Бірақ, ол үшін мыңдаған заңнамалық актілер өзгерістерге ұшырауы тиіс, деді ол. Оппозиция атынан президенттік сайлауға түскелі отырған үміткер Жармахан Тұяқбай штабының өкілі Әміржан Қосановтың айтуынша, алпауыт мемлекеттердің өзі тәуелсіз елге айтырлықтай ықпал ете алмайды:
- Тәуелсіз мемлекетпіз сондықтан АҚШ біздің елге оның ішінде оппозицияның тірлігіне ықпал ете алады дегенге мен қарсымын.
Осы сапарды дайындау барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джозетт Шайер Орталық Азиядағы 4 мемлекетте сауда жөніндегі аймақтық келісім мәселесі талқыланады деген болатын. Осылайша, Орталық Азиядағы елдер арасындағы сауда тез даму үішн, олардың арасындағы заң және салық сияқты кедергілерді біртіндеп азайту көзделген, дейді сарапшылар. Шайердің айтуынша, бұл әсіресе Қазақстан үшін тиімді. Өйткені, ол Орталық Азиядағы мұнай экспорты көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, ресми Вашингтон Шанхай ынтымақтастығы және Еуразиялық экономикалық қауымдастық сияқты ұйымдарға балама болатын құрылым жасауды көздейді. Мұндағы басты мақсат аймақты Мәскеумен Бейжіннің ықпалына бермеу деп хабарлайды Ресей сарапшылары. Билікке жақын ұйым саналатын Атамекен кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, одақ ұйымдастырылуы мүмкін, бірақ, одан Ресеймен Қытайдың ықпалы бәсеңдемейді, дейді ол:
- Шанхай одағының ықпалының күшеюі АҚШ-ты алаңдатады. Экономикалық одақ құрылуы мүмкін. Бірақ, үстінде бәрібір біздің Шанхай одағындағы міндеттеріміз басым болады деп ойлаймын.
Бірақ, Ресеймен Қытай Орталық Азия елдерінен демократиялық үрдістерді талап етпейді деген пікір бар. Ал, АҚШ бұл орайда өзге пікірді ұстанады, дейді сарапшылар. Дүйсенбі күні Қырғызстанға бара жатқан жолында Кондолиза Райс Қазақстан президентін елде болатын бірінші әділ сайлау өткізуді сұраған. Саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, бұл сапардың басты мақсаты президенттік сайлауға арналуы ықтимал:
- Мен өзім журналист болып Кондолиза Райстан бір нәрсе сұрар едім. Егер, осы сайлау әділетсіз өтетн болса, шет елдік бақылаушылар әділетсіз өтті деп тапса сіздердің Қазақстанмен қатынастарың қандай болады деп сұрар едім. Ол біз әлі қоғамдық ұйымдар арқылы жұмыс істейміз деп қатты айтуы мүмкін немесе, Назарбаевті қолдауы мүмкін.
Әміржан Қосановтың айтуынша, оппозициямен Кондолиза Райспен кездесуде сайлау туралы сөз қозғалуы мүмкін:
- АҚШ өкілдеріне біз ылғи айтатынымыз, Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшесі сол ұйым алдында сайлау туралы өзінің әділдік принциптерін ұстанатындығын мәлімдеді. Сол мәлімдемеуіне ықпал жасау ғана басқа олардан көмек күтіп отырған жоқпыз.
Ал, Қазақстан билігі тәуелсіз мемлекеттер достастығы территориясындағы саяси толқулар шет мемлекеттерде дайындалған деген пікірді ұстанатындығын білдірген. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға араласуға бел буған үкіметтік емес ұйымдарға шара қолданамын деп ескерту жасаған. Ал, Кондолиза Райс Қазақстандағы сапарында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі мүмкін деген жорамал жасалып отыр. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, оппозициямен кездесу мұндай деңгейдегі шенеуніктің сапарында міндетті түрде белгіленеді, бірақ, кездесу барысындағы әңгімеде оппозицияға қолдау көрсетілетіні екі талай дейді ол:
- Оппозициямен кездесу оның лауазым иесі ретіндегі міндеті. Ал, кездесу барысында әңгіме Қазақстандағы мәселелерді талқылаумен шектеледі деп ойлаймын.
Бұл АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Орталық Азия елдеріне жасап отырған бірінші сапары. Қайсібір сарапшылар АҚШ Орталық Азия елдеріне деген ықпалын өсіргісі келеді, дейді. Өйткені, осы аймақтағы мемлекеттер антиамерикандық пиғыл өсіп келе жатқан Иран және Пәкістанмен шекаралас жатыр. «Азаттық» радиосы үшін, Астанадан Бауыржан Шаяхмет.