ДАМАСК: Кеше Сирия үкіметі елдің ішкі істер министрі Ғази Канаанның өзіне қол жұмсап өлгенін ресми түрде растады. Канаан – министр лауазымына осыдан бірнеше ай бұрын ғана отырды, ал оған дейін 20 жыл бойы Сирияның Ливандағы әскери барлауының басшысы болды. Ливанның экс-премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің осы ақпан айындағы қастандықтан қаза болуы жайттарын тергейтін БҰҰ-ының арнаулы комиссиясы Канаан мен т.б. жоғары лауазымды армия басшыларын тергеуге алған болатын. Ливан халқының көпшілігі және БҰҰ-ы осы қастандыққа Дамаскінің қатысы болғанына күмән келтірмейді.
БҰҰ-ының арнаулы комиссиясы тергеуге алған Сирия үкіметінің 1 мүшесі өзіне қол жұмсап өлді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Денсаулық сақтау
Дәрігерлердің қатесі үшін жазаны жеңілдеткен дұрыс па?
AzattyqTV