Accessibility links

Пәкістанға зілзаланың салдарын жоюға шетелдерден 350 млн. доллар көмек бөлінді


ИСЛАМАБАД: Жер сілкінісінен 23 мыңдай халық қырылып жапа шеккен өз еліне көмек көрсеткен халықаралық қауымдастыққа кеше Пәкістан президенті П.Мушарраф рахмет айтты. Ұлттық теледидардан сөйлеген сөзінде ол: “Халықаралық қауымдастық тарапынан көрсетілген көмек үшін мен Пәкістанның ризалығын білдіргім келеді. Бізге мол көмек бөлінді, құтқару жұмыстарымызға атсалысты және халықаралық қоғамның түрлі елі бірнеше көшпелі аурухана ашып, дәрігерлердің бригадасын жолдады”, деп атап көрсетті. П.Мушарраф әсіресе үнді премьер-министріне ерекше ризалығын айтты. Ол, сондай-ақ, зілзаланың салдарын жою үшін қаржылай көмек беруге шақырды. Пәкістан премьер-министрі Шауқат Әзиздің айтуынша, шетелдерден әзірше 350 млн. доллар көмек келді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG