Accessibility links

Түркияның тәуелсіз баспасөзі “құс тұмауын” ауыздықтау шаралары жеткіліксіз деп санайды


АНКАРА: Түркия үкіметі “құс тұмауын” ауыздықтауға қажетті барлық шара қабылданды деп мәлімдеп отыр. Түркияның “құс тұмауы” аңғарылған батысында 8 мыңнан астам үй құсы жойылып, 1 айлық карантин орнатылды, дерт аңғарылған аумақ залалсыздандырылды. Түрік үкіметінің өкілі Жемил Чичек: “Түркияда тұмауға төтеп беретін дәрі-дәрмек жеткілікті. Біз дерт жайылған аумақты залалсыздандырдық. Алаңдауға еш негіз жоқ”, деп мәлімдеді. Алайда баспасөз құралдары қабылданған шаралардың нәтиже беретініне күмән келтіреді. Тәуелсіз “Сабах” газетінің жазуынша, “құс тұмауын” ауыздықтауға бағытталған кешенді шара жоқ.
XS
SM
MD
LG