Accessibility links

Пәкістанның апатқа ұшыраған аудандарына тікұшақтар мен ас су және шатырлар жетпей жатыр


МУЗАФАРАБАД: БҰҰ-ының өкілі Ян Эгеланд жуардағы жер сілкінісінен жапа шеккен Пәкістан халқы шұғыл көмекке мұқтаж деп ескертті. Кеше апат болған аймақта болғанында Я.Эгеланд ол жердегі ахуалды “өте ауыр” деп бағалап, уақытты созбау керек деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, әлі де тікұшақтар мен ас су, шатырлар мен қаражат жетпей жатыр. Апат болған аудандарғы азық-түлік пен басқа да қажетті заттар жеткізілу үстінде. Халықаралық қауымдастық Пәкістанға 165 млн. доллардың көмегін бөлуге міндеттенді. Соңғы ресми мәлімет бойынша, сенбі күні болған зілзаладан 25 мыңнан астам халық құрбан болды.
XS
SM
MD
LG