Accessibility links

Нальчикке бас салған қарулы жасақтың 61-і оққа ұшып, 17-сі қолға түсті, қалған 8-і қоршауда отыр


НАЛЬЧИК: Ресей үкіметінің хабарлауынша, қарулы сепаратистердің шабуылынан кемінде 85 адам қаза болған Қабарды-Балқарияның астанасы – Нальчиктегі ахуал толық қолға алынды. Бүгін ішкі істер министрі Р. Нұрғалиев бас-аяғы 8 сепаратистен тұратын 2 топ әлі қарсылық көрсетіп жатыр, бірақ олардың өз еркімен қаруын тастауын үкімет тосып отыра бермейді деп мәлімдеді. Р. Нұрғалиев кепілдікте неше адамның отырғаны туралы ештеңе айтпады. Ресми хабарға сәйкес, Нальчиктің милиция бөлімдері мен өзге мекемелеріне кеше шабуыл жасаған сепаратистердің 61-і оққа ұшып, 17-сі қолға түсті. Кемінде 12 милиция қызметкері мен 13 тұрғын қаза болып, кем дегенде 70 кісі жараланды. Бұл шабуылды чешен сепаратистері өз мойнына алды. Сепаратистік чешен үкіметінің вице-премьері Ахмад Закаев бұл шабуылды чешен басшылығымен байланысты қарулы топтың ұйымдастырғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG