Accessibility links

Еуроодақ “құс тұмауының” Румыния мен Түркияда пайда болуына алаңдап отыр


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Евроодақтың сарапшылары (мал дәрігерлері) Түркия мен Румыниядан бұрқ етіп шыққан “құс тұмауын” ауыздықтау амалдарын қарастырмақшы. Төтенше бас қосудың барысында “құс тұмауын” жұқтыратын жабайы құстардан төнген қатер мен халықты одан қорғау проблемалары сөз болмақшы. Еуроодақ Түркия мен Румыниядан құс етін экспорттауға тыйым салып үлгерді. Кеше Еуроодақ мамандары Түркияда “құс тұмауының” 2003 жылдан бері қарай Азия елдерінде 60-тан астам адамды қазаға ұшыратқан аса қатерлі вирусының аңғарылғанын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG