Еуропа Одағының сарапшылары құс тұмауының тарауына қарсы қолданылуға тиіс қауіпсіздік шараларын бекітті. Брюссельде өткен мәслихатта құс тұмауының індеті Еуропа Одағындағы жұртқа қазір қауіп төндіріп тұрған жоқ деп көрсетілді. Жаңа шаралардың қатарында фермаларда билогиялық қауіпсіздікті арттыру, жабайы құстар қонатын сазды жерлерде алдын-ала бақылау шараларын жүзеге асыру көзделді. Түркия мен Румынияда құс тұмауынан өлген құстар табылған соң сақтық шараларын іске асыруға кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау агенттігі де шақырды. Құс тұмауының індеті тамыз айында Қазақстан мен Ресейде шыққан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?