Accessibility links

Дүние жүзінің денсаулық сақтау мекемелері “құс тұмауы” өзгеріп, адамдардың арасында эпидемия туғызуы мүмкін деп алаңдайды.


КИЗИКСА: “Құс тұмауының” аса қауіпті “H5N1” вирусы аңғарылған Түркияның батысындағы Кизикса фермасына оның себеп-салдарынан зерттеуге атсалысу үшін бүгін Еуроодақтың 2 сарапшысы келді. Түрік мамандарының мәлімдеуінше, құс дерті аңғарылған әлгі фермада 10 мың құс бар. Бірақ олар дерттің инкубациялық мерзімінің өтіп кетуіне байланысты әлгі вирустан төнген қатер жоқ деп мәлімдейді. Еуроодақ сарапшылары Кизиксаға ертең барады. Еуроодақ егер қазіргі шара “құс тұмауын” ауыздықтай алмаса, оған қарсы қатаң шара қолданатынын ескертеп отыр. “H5N1” вирусынан 2003 жылдан бері бірқатар Азия елінде миллиондаған үй құсы мен 60-қа жуық адам қаза болды. Дүние жүзінің денсаулық сақтау мекемелері “құс тұмауы” өзгеріп, адамдардың арасында эпидемия туғызуы мүмкін деп алаңдайды.
XS
SM
MD
LG