Accessibility links

Ресей қауіпсіздік күштері Қабарда-Балқар республикасының астанасы Нальчикте өткен бейсенбіде болған террорлық шабуылдардан кейін исламшыл әсірешілдерге қарсы кең көлемді операциялар жүргізуде


Жаңалықтар агенттігі хабарына қарағанда, полиция қаланың кей аудандарын қоршауға алған. Тұрғындарға үйлерінен сыртқа шықпау ескертілген. Ресей бас прокурорының орынбасары Шепелдің айтуынша, бүгін өткен аптадағы шабуылда қатысқан деген күдікпен бір топ қарулы тұтқындалған. Ал таңертең қарсылық көрсеткен бір адам атып өлтірілген. Қазанның 13-інде Нальчиктегі полиция бөлімшелеріне, үкіметтік үйлерге жасалған шабуылдан кемінде 130 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG