«Трансперенси Интернешнл» халықаралық қоғамдық ұйымының 2005 жылғы қорытындысы әлемнің 70 елінде парақорлық дертінің дендегенін көресетеді. Сондай-ақ дүниежүзінің дамыған елдерінің өзінде кедейшілікті туғызған коррупция кең қанат жайып келеді екен дейді «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Виталий Воронов. Оның мәліметінде аталған ұйымның биылғы есебі бойынша, бұрынғы жылдардан гөрі Қазақстан коррупция мәселесімен күресте біршама жетістіктерге жетіп, әлемдік тізімде орны бірқатар алға жылжыған.
- Айталық, былтырғы жылы 146 мемлекеттің ішінде Қазақстан 122-орында тұрса, биыл 159 елдің ішінде 107-орынға шыққан, - дейді Виталий Воронов.
Дегенмен, бұл жайтқа аса қуанудың қажеті жоқ. Себебі, «Трансперенси Интернешнл» ұйымының зерттеу методологиясы мен бекітуі бойынша, коррупция деңгейін анықтайтын балы үштен аспайтын мемлекетте коррупция жоғары көрсеткішке ие болып саналады. Ал Қазақстандағы коррупция деңгейін анықтайтын 2,6-ға балға тиесілі, - дейді «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Виталий Воронов.
Ал «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорының атқарушы директоры Сергей Злотников әлемдегі бірқатар Коста-Рика, Габон, Непал, Ресей, Тайланд және Уругвай сынды елдерде коррупция деңгейі жоғарылағаны байқалғандығын айтады.
Енді осы іспетті Қазақстандағы коррупция мәселесіне қатысты әңгімелерге нақты дәлелді деректі айыптауларды ғана негізге алу қажеттігін алға тартқан ҚР президенті жанындағы экономикалық қылмыстармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев бұл ретте нақты дәйектің қажеттігін айтады.
Ал кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы коррупция барлық елде бар, ол жағынан Қазақстан да қалыс қалып тұрған жоқ деген пікір білдіреді. Ол бүгінде коррупцияны қалыпты үрдіс ретінде қарайтынын айтады. Сондықтан, ең алдымен демократиялық үрдістерді жүргізуді жеделдету қажет дейді кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы.