Норвегия босқындар кеңесі ұйымының дерегіне қарағанда, Түрікменстан мен Өзбекстан үкіметтері қоғам үстінен бақылауды күшейту үшін өз азаматтарын бөтен аймақтарға көшуге мәжбүрлеп келген. Мысалы, Тәшкент, 2000-2001-жылдары, Өзбекстан ислам қозғалысына қарсы күрес шарасы дей отырып, Өзбек-Тәжік шекарасынан мыңдаған отбасыларды өзге аймаққа көшірген. Ал Түрікменстанда үкімет саяси диссиденттер мен өзбек сынды шағын ұлттарды қудалау, жазалау ретінде өзге аймақтарға кетуге мәжбүрлеп отырған, делінген Женевадағы Глобал АйДиПи орталығы бүгін жариялаған баяндамада.