Accessibility links

АҚШ дипломаты Үндістанның азаматтық және соғыс тұрғысындағы ядролық бағдарламасын бір-бірінен бөлудің мерзімі турасында Вашингтон Үндістанмен бірлесе жұмыс істейтін болады деп атап көрсеткен


Нью-Йорк. Осы аптада Нью-Делиге сапарында АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Борн Үндістан ядролық бағдарлама жауапкершілігін түсінеді дейді. АҚШ пен Үндістан арасындағы ынтымақтастық келісімі шілде айында жасалған болатын, онда Үндістан азаматтық ядролық технологияларды жеткізуге АҚШ үшін есігіміз ашық деген. Үндістан сондай-ақ Халықаралық атом энергиясы агенттігі инспекторларының ядролық орындарына тексеру жасауына да мүмкіндік бермекші. Үндістан 1998 жылы Пәкістанға жақын маңайда ядролық сынақ өткізген болатын, ол Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімге қосылмаған.
XS
SM
MD
LG