Accessibility links

Ресей билігінің өкілдері "Электрон" траулерінің бортындағы Норвегияның екі инспекторын босатуға уәде етті


Мәскеу. Ресейдің "Электрон" траулерін сенбі күні Норвегия ресмилері балық аулау ережелерін сақтамағаны үшін ұстаған болатын. Дүйсенбі күні бұл кеме Мурманскіге қарай рұхсатсыз бет алған. Баренц теңізінде "Адмирал Левченко" кемесі "Электронды" қарсы алып, әрі қарай Ресейдің аумақтық суларына қарай алып жүрген. Норвегия кемелері оны шекараның сырт жағынан бақылап жылжып отырады. Дипломаттар алдағы бірнеше сағатта ендігі қимыл-әрекеттің қандай болатынын шешеді.
XS
SM
MD
LG