Accessibility links

Ирақтың қызметінен алынған бұрынғы президенті Саддам Хұсейннің үстінен бүгін сот ісі басталды


Бірақ Саддам мен оның қорғаушы адвокаттарының наразылық ұсыныстарынан кейін сот ісі қарашаның 28-іне дейін кейінге қалдырылды. Саддам Хұсейнге адамзатқа қарсы қылмыс жасаған деген айып тағылып отыр. Саддам сот залына үстіне қара костюм, ақ көйлек киіп, қолына Құран кітабын ұстап алып кірген. Ол, судьяларды танымаймын, сондықтан есімімді айтпаймын, мен - Ирақ президентімін, деген.

– Мен, әрқайсыңызға құрметпен қарағаныммен, сіздерді судья ретінде танып жауап бермеймін. Мен Ирақтың заңды президенті құқығына иемін, - деді Саддам Хұсейн.

Саддам және оның Баас партиясынан тағы да 7 адамға 1982-жылы Саддамға қастандық жасады деген айыппен шиит мұсылмандарының қыстағы Дуджайлдық 140 азаматты өлтіруге бұйрық берген деген айып тағылып отыр. Егер сот оларды айыпты деп тапса онда олар өлімге кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG