Accessibility links

Әзірбайжанның қуғындағы оппозиция лидері Расул Қулиев президент Илхам Әлиевтің үкіметін құлатып, төңкеріс жасамақшы болды деген өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды


Симферополь. Бұл жөнінде ол кеше Қырым қаласының соты өзін босатқанннан кейін “Азаттық” радиосының әзірбайжан редакциясына берген қысқа сұхбатында мәлімдеді. Бұрынғы парламент спикері, Әзірбайжанның демократиялық партиясының жетекшісі Қулиев осы аптаның басында Әзірбайжан жағының өтінішімен Симферополда ұсталған болатын. Әзірбайжан билігі осындай айып күдігімен бұрынғы экономика министрі Фархад Әлиевтің тұтқындалғанын растады. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Әли Инсанов пен бұрынғы қаржы министрі Фикрат Юсифов та ұсталған. АҚШ Әзірбайжанда бұрынғы үкімет мүшелері мен оппозиция өкілдерінің жаппай тұтқындалып жатқанына алаңдаушылық танытты. Мемлекеттік департамент өкілі Шон МакКормак Әзірбайжан билігінің мұндай қимыл-әрекеттері олардың 6 қарашада болатын Парламент сайлауын әділ де еркін өткіземіз деген уәдесіне күмән туғызады деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG