Accessibility links

Астанада ескі үйлердің шатырын бұзып, қосымша қабаттар салу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр


Қазақстан үкіметі бас прокуратураның ұсынысымен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының кейбір талаптарын өзгертетін болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, аталмыш құжаттың кейбір нормалары азаматтардың құқықтарын шектеп отыр. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан премьер-министрі Даниял Ахметовтың жауап хатында жазылғандай, қажетті өзгерістер бағдарламаға тәртіп бойынша енгізіледі.

Жаңа ұсыныс бойынша, азаматтармен жергілікті атқару органдары арасында жасалатын келісімге өзгерістер енгізу керек. Мақсат - тұрғын үй сату жұмыстарында алып-сатарлықты азайту деп хабарланған. Бас прокурордың баспасөз қызметкері Сәулебек Жәмкенұлы осы өзгерістердің біреуіне нақты мысал келтіріп берді:

- Мысалы, ипотека алу үшін, сіз банкпен келісімге отырасыз. Онда айтылғандай, сіз ақшаңыз болса да 3 жыл несиеге пайыз төлейсіз. Ал, бұл құқықты шектеу.

Осы өзгерістермен қатар нақты Астанаға қатысты толықтырулар енгізілуде. Қазір Астанада ескі үйлердің шатырын бұзып, қосымша қабаттар салу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жаңадан тағайындалған қаланың бас сәулетшісі Шоқан Матайбековтың айтуынша, бұл амал халықаралық тәжірибеде жиі кездеседі. Оның орынбасары Тұрсынхан Бұқаевтың айтуынша, мансард құрылысы ескі қала үшін өте тиімді:

- Ғасырлар бойы шет елдерде мансард салынып жатыр. Бұл дұрыс бағыт.

Мысалы, Германияда дәл осы жолмен ескі ғимараттар жаңартылған, дейді сәулетшілер. Өйткені, құрылысшылар тек жаңа қабаттар салумен шектелмейді. Олар ғимараттағы коммуникация желілерін жаңартып, үйдің алдын және кіреберістерін жөндейді. Сондай-ақ аулаға қажетті нысандар салынады. Жаңа пәтерді сатып алған тұрғындардың ішінде де ризашылықтарын білдіріп жатқандар бар. Жуырда мансардтан пәтер сатып алған отбасының мүшесі 19 жасар Әмір Оралбаевтің айтуынша, ескі үйдің үстіне салынған жаңа пәтердің бірнеше тиімді жағы бар:

- Ескі үйдің бағасы арзан, үстіне салынған соң. Сосын ескі үйлер орталықта ғой, яғни, қаладағы ауданы жақсы болады. Әрі астындағы қабаттардағыдай емес, құбырлары жаңа.

Соңғы мәлімет бойынша, Астанада мансард салумен айналысатын 7 құрылыс компаниясы тіркелген. Және олардың саны барған сайын көбейіп барады. Өйткені, құрылыс шығыны аз, ал, пәтер бағасы қымбат, яғни, табыс көп, дейді сарапшылар. Оның үстіне, Астана тұрғындары арасында жаңа пәтерлерді салғанда ескі және экологиялық талаптарға сай келмейтін құрылыс материалдары қолданылады, деген қауесет тараған. Сондықтан, Астана тұрғындары жаңа пәтерлерден гөрі ескі пәтерлерді сатып алатын болған. Жуырда мансардтан пәтер сатып алған отбасының мүшесі 19 жасар Әмір Оралбаевтің айтуынша, жаңа пәтердің кемшіліктері көп:

- Жаңа үйлер қаланың шетінде, алыс жерде салынады. Сосын бағасы қымбат, тұтастай салдық деп көтереді. Сосын жаңа ғимарат жерге төмендейді. 3 жыл бойы жөндеу жүргізу алмайсың. Ал, ескі үйлерде бірден жөндеу жасауға болады.

Ал, Астананың «Радуга» пәтер иелерінің кооператив өкілі Рәбиға Уәлиеваның айтуынша, ескі үйлерге мансард салғанша орнына жаңа салған жөн:

- Біздің үй ескі 30-40 жыл болған. Астанада көптеген үйлер ығыстырылып жатыр. Ал, мансард салатындар керісінше жұртты алдап, ғимараттарың мықты, үстіне тағы бірнеше қабат саламыз, дейді.

Құрылысшылар болса, керісінше, айтып отыр. Әдетте мансард салатын құрылыс компаниялары үйдің іргетасын түбегейлі зерттейді. Тек содан соң ғана шатырды бұза бастайды. Тұрғындар кімге сенерін білмей отыр. Ал, сәулетшілердің айтуынша, ешкімге сенбеу керек. Қаладағы бірде бір құрылыс қажетті рәсімдерсіз жасалмайды, дейді олар. Осы жаңа енгізуге қарсы болған тек бір жақ: прокуратура. Олардың айтуынша, мансард салмас бұрын ғимараттағы барлық тұрғындарды көшіру керек. Бірақ, бұған тұрғындар қарсы. Пәтер жалдап тұру Астанада тым қымбат, бұл бізге тиімсіз, дейді олар.
XS
SM
MD
LG