Accessibility links

Ирақ үкіметі Саддам Хуссейін мен оның сыбайластарына қарсы сот процесіне қатысушы адвокаттың өлтірілуін қатты айыптап, қорғаушылардың қауіпсіздігін күшейтуге уәде етті


Бағдад. Адвокатты жұмаға қараған түні Бағдадтағы үйінде қарулы бір топ адам ұстап алып кеткен. Оның жансыз денесі бірнеше сағаттан кейін табылған. Әзірге бұл өлім жауапкершілігін ешкім өз мойнына алған жоқ. 19 қазанда басталған сот процесінде адвокат Саддун әл-Жанаби бұрын билік басында болған Баас партиясы жетекшілерінің бірінің мүддесін қорғаушы болатын.
XS
SM
MD
LG