ВАРШАВА. Бастапқы мәлімет бойынша, кеше Варшава әкімі Лех Качиньский Польшаның жаңа президенті болып сайланды. Дауыс бергендердің арасында жүргізілген сауалнамаға қарағанда, екінші турда сайлаушылардың 53 процентке жуығы Качиньскийді қолдап дауыс берген. Оның қарсыласы – “Азаматтық платформа” партиясының лидері Дональд Туск – 47 процент дауыс жинады. Журналистердің алдында Л.Качиньский журналистер алдында: “Егер мен сайланатын болсам, менің қабылдайтын бірінші шешімім – бірнеше күн дем алу болмақшы. Ал ант беріп міндетіме кіріскен соң, мен кабинетті жасақтауға тиістімін...” деп мәлімдеді. Л.Качиньский - қыркүйек айындағы парламент сайлауында жеңіске жеткен “Құқық және әділдік” партиясының лидері болып табылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
AzattyqTV