КОПЕНГАГЕН/ОТТАВА. “Құс тұмауының” жайылуына қалай бөгет қоюға болады?” деген мәселе Канада мен Дания астаналарында бүгін өтетін 2 бас қосудың барысында талқыланбақшы. Құс дертінен 2003 жылдан бері Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 60-тан астам адам көз жұмған болса, ол дерт енді Еуропа мен өзге аймақтарға жетіп жайылуда. Кеше ағылшын ғалымдары бір тотықұстың аса қауіпті “құс тұмауының” H5N1 вирусынан өлгенін мәлімдеп, Еуроодақтан жабайы құстардың импортына тыйым салуды талап етті. Жабайы құстардың миграциясы аталған дертті Ресей мен Түркияға және Румынияға жеткізіп жұқтырды. Қытай үкіметі Бежинде “құс тұмауына” қарсы күресін қатаңдатты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес