Accessibility links

“Вильма” дауылы төнген Флорида штатының халқы әкімнің үндеуіне құлақ аспады


МАЙАМИ. “Вильма” дауылының соққысынан Кариб теңізінің Мексика жағалауында кемінде 8 адам құрбан болды. Бүгін аталмыш дауыл сағатына 160 шақырым жылдамдықпен АҚШ жағалауына жетуге тиіс. Дауыл жел соғып, нөсер жаңбыр құйған Куба аралында 630 мыңға жуық халық қауіпсіз жерге көшірілді. Багам аралының үкіметі “Вильма” дауылы елдің солтүстік-батысына соғатынын ескертіп отыр. АҚШ-тың Флорида штатының басшылығы осы штатқа қарайтын Кис аралынан 80 мың тұрғынды күштеп көшіруге шақырды. Алайда тұрғындардың көпшілігі штат әкімі Джеб Буштың ол үндеуіне құлақ аспады. Биыл АҚШ-тың оңтүстік штаттары 4 дауылға душар болды. “Катрина” дауылынан 1.200-ден астам халық қаза тапты.
XS
SM
MD
LG