БРАЗИЛИА. Бразилияда кеше болып өткен референдумда оған қатысқан халықтың 65 проценті қару-жарақ саудасына тыйым салуға қарсы дауыс берді. Өткен ширек ғасыр (25 жыл) ішінде қару-жарақпен іске асырылған түрлі қылмыстан Бразилияда 500 мыңнан астам кісі құрбан болды. Бразилия үкіметі, адам құқықтарын қорғайтын ұйым және рим-католик шіркеуі қару-жарақ саудасына тыйым салуды талап етсе, алайда қару шығарушылар мен олардың лоббистері қылмыс кең етек жайған елде қару халықтың өзін-өзі қорғауы үшін керек деп дәлелдеп келген еді.