Accessibility links

Өзбекстанда оппозицялық топтың жетекшісі тұтқындалды


ТАШКЕНТ. Өзбекстан билігі “Серқуеш Өзбекстан” немесе “Өзбекстан күн шуағы” атты оппозициялық топтың жетекшісі Санжар Умаровты қамауға алды. Сенбі күні Ташкентте тұтқындалған Умаровқа экономикалық қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Өзбек билігі аталған топтың тағы төрт мүшесін ұстады. Аталмыш топтың өкілі Нодира Хидоятованың айтуынша, полиция қызметкерлері осы топтың Ташкенттегі кеңселерін тексеріп, материалдарын тәркілеген. “Серқуеш Өзбекстан” коалициясы Әндіжан оқиғаларынан кейін Өзбек үкіметі таратылуы керек деп келеді.
XS
SM
MD
LG