БІШКЕК. Қырғызстан астанасы Бішкекте наразылық шарасына 400-ден астам кісі қатысып отыр. Ал елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында жүзге жуық адам жиналып, Кулов пен парламент төрағасы Омурбек Текебаев қызметтерінен кетсін деген талап қойып отыр. Наразылық танытушылардың айтуынша, Кулов депутат Тынышбек Ахматбаевтың өліміне жауап беруге тиіс. Бүгін премьер-министр елдің ішкі істер министрлігінің құрамында өзгерістер жүргізді. Атап айтқанда, Омурбек Суваналиев Бішкек полициясының басшысы болып тағайындалды. Кулов, сондай-ақ, ішкі істер министрінің орынбасары Әлімбай Сұлтановты қызметінен босатты.
Қырғызстанда үш күн бойы жүздеген адам шеруге шығып, премьер-министр Феликс Куловтың қызметтен кетуін талап етуде
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"