КИЕВ. Кеше Киевте болып өткен аукционда Украинаның ең ірі болат қорытушы “Криворожсталь” комбинаты Голландияда тіркелген «Миттал-стил» корпорациясына 4,8 млрд долларға сатылды. Осы саудадан кейін Украина президенті В.Ющенко: “Бүгін болған оқиға – Украинаның барлық заң шартын орындай отырып, адал жекешелендіру жүргізе алатынын дәлелдеді. Украина халқы жекешелендіру процесі жүргізілген көптен бері көріп келген барлық азабы үшін өз есесін алды”, деп мәлімеді. Бұрынғы президент Л.Кучманың тұсында “Криворожсталь” комбинаты оның туған күйеу баласы басқарған компанияға 800 млн долларға, яғни қазіргі бағасынан 4 млрд долларға арзан сатылған болатын.
Л.Кучманың күйеу баласына 800 млн долларға сатылған алып зауытты В.Ющенко 4,8 млрд долларға қайта сатты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"