Accessibility links

Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша келіссөзді бастау туралы “тарихи” шешім қабылданды


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша келіссөзді бастау туралы бірауыздан шешім қабылдады. БҰҰ-ның Косово өлкесін басқаратын өкілі Сорен Йессен-Петерсен: “Мұны - 6.5 жылға созылған басқарудан кейін Косовоның құқықтық мәртебесі бойынша келіссөзді бастау туралы тарихи шешім деп ойлаймын. Мұның өзі тарихи шешім және Косово үшін өте жақсы болады деп айта аламын” деп, БҰҰ-ның шешімін ыстық ықыласпен қабылдады. Сербияның албандар басым тұратын Косово өлкесі – Сербия армясын НАТО күштері ығыстырып шығарған 1999 жылдан бері БҰҰ-ның басқаруына қарап келді. Косоволықтар Сербиядан тәуелсіздік алуды көздейді. Сербия премьері В.Коштуница Косовоға кең автономия беру арқылы Сербияның тұтастығын сақтауды талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG