БІШКЕК. Бүгін Қырғызстан парламенті өзінің бір депутаты Тынышбек Ақматбаевтың қазаға ұшырған себептерін тергейтін парламенттік арнайы комиссия құру мәселесін қарауға тиіс. Өткен бейсенбі күні қырғыз түрмесіне барған сәтінде оққа ұшқан осы депутаттың өлімі Бішкекте бірнеше күн бойы жалғасып келе жатқан наразылық шеруін туғызды. Парламент спикері Өмірбек Текебаев кеше Бішкекте наразылыққа шыққан халықпен кездесіп, Т.Ақматбаевтың қазасын парламент тиянақты тергейді деп уәде берді. Шеруге шыққан топ депутаттың қазасына премьер-министр Ф.Кулов жауап беруге тиіс деп айыптап, оның үкімет басынан кетуін талап етіп жатыр.