Accessibility links

Ирақ халқы елдің конституциясын мақұлдады


БАҒДАД. Ирақтың Ата заң жобасы бойынша қазанның 15-де өткен референдумның ең соңғы нәтижесі бүгін жарияланды. Елдің сайлау комиоссиясы Ирақ халқы конституцияны қолдап дауыс берді деп хабарлады. Ал бұл аралықта бүлікшілер шабуылдарын жалғастыруда. Ирақ астанасы Бағдадта бір полиция қызметкері мен бір тұрғын оққа ұшты. Мосул қаласында тағы бір полиция өкілі қаза тапты. Ал дүйсенбі күні бірнеше қонақ үйдің жанында орын алған үш орасан жарылыстан кемінде 15 адам құрбан болған-ды. Жалпы 2003-ші жылдан бері Ирақта 1999 АҚШ әскері опат болыпты.
XS
SM
MD
LG