Accessibility links

Республика күні президенттік сайлау науқанындағы насихаттың басталатын күнімен ұштасып отыр


25 қазан - Қазақстанның республика күні. Бірақ, биылғы мерекелік шара жылдағыдан өзгеше, дейді бақылаушылар. Өйткені, ол президенттік сайлау науқанындағы насихаттың басталатын күнімен ұштасып отыр. Ел астанасының орталығында ұйымдасқан түрде аздаған адаммен азғандай аумақта мерекелік шаралар ұйымдастырылса, қаланың өзге көшелерінде сары түсті киім киген адамдар сары қағазға басылған үгіт насихат парақшаларын таратып жатты.

Дүние жүзінде республика күнін белгілі бір елдің тәуелсіздік алған күнінде, немесе саяси бағытын өзгерткен күнінде, немесе, бұған дейін өлке болып, кейін мемлекет атанған күнде атайды, дейді саясаттанушылар. Ал, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы территориясындағы елдермен салыстырғанда, Қазақстан егемендігін кеш жариялады, - дейді кейбір бақылаушылар. 16 желтоқсанда болған көтеріліс, тек біраз уақыт өткенсоң тәуелсіздік күні атанған. Ал, 25 қазанда егемендік декларациясына қол қойылды. Бірақ, бір елде екі мәрте республика және тәуелсіздік күні болғаны дұрыс емес,-дейді оппозиция өкілдері. Олардың айтуынша Қазақстан декларацияға кеш қол қойған. Зейнеткер Ілес Ерғалиевтің айтуынша, оның бір себебі бар:

- Кеңес одағында ең соңында қалғанда біз даудан аман болу үшін, елдің іргесін сақтау үшін, сабырлық жасап, ең соңында қалғанымыз рас.

Ал, Астананың тілдерді дамыту басқарма бастығы Қонысбай Әбілдің айтуынша, Қазақстанға мереке көптік етпейді:

- Кеңес одағы кезінде айтып едікқой революция Аврораның залпынан басталды деп. Ал, Кеңес одағы аумағындағы осы тәуелсіздік біздің желтоқсанның жалынынан басталды. Сондықтан, екі мерекені біріктірмей, бөлек атағанда ерсілік жоқ деп ойлаймын.

Қазақстан прездиенті Нұрсұлтан Назарбаевтің айтуынша, Кеңес одағы кезінде декларацияға қол қоюдың өзі батыл қадам болған:

- Кеңес одағы күркіреп тұрған кезде, коммунистік партия билігін жүргізіп тұрған кезде, біз декларация қабылдадық. Өте батыл қадам жасадық. Мінеки 15 жыл өтті.

Әзімбай Ғалидің пікірінше, Қазақстанда демократия бар ма деген сауалға осы декларацияның 17 пунктіндегі талаптар жауап бола аллады. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстанда қабылданған құжаттың кештігі болмаса, тиімді тұстары басым, - дейді саясаттанушы. Ал, Астананың мұсылман әйелдер қоғамының төрайымы Клара Ержанның айтуынша, Кеңес одағы кезіндегі декларацияда қателіктерде болған:

- Бәрі орынды деп айта алмаймын. Шовинистік көзқарас болды. Біз тілімізді, дінімізді жоғалтып, мақұлық болуға келдік.

Ал, бұл мерекеде сол декларацияға қол қойылғалы 15 жыл өткендігі және Қазақстанның қазіргі жетістіктері жайлы айтылды. Ал сыншылар болса, әліде елде жұмыссыздармен кедейлердің көптігін айтады. Зейнеткер Ілес Ерғалиевтің айтуынша, қазіргі жұмыссыздықтың себебі бар:

- 70 жыл бойы Кеңес одағы асырайды деген пікір миларына кіріп кеткен. Қазір ауылда жұмыс болмасада, арақ ішу, сол күнелтуді дұрыстау пікіріне кірмеген адамдардың әрекеті.

Ал, Астананың тілдерді дамыту басқарма бастығы Қонысбай Әбілдің айтуынша, Қазақстанның қазіргі дамуын мойындамаған адам опасыз:

- Туған жерді мойындату қиын қашанда. Сондықтан да, бүкіл шетел айтып жатқанда, өзімізде отырып, соны мойындамау елге сын деп ойлаймын.

Осы лебіздерін меркеге жиналған аздаған адам киіз үйлердің ішінде айтып жатты. Ауа райының салқындығына байланысты бұл мерекеде адам көп болған жоқ. Тек президент қатысады деген ақпараттан кейін қаладағы оқу орнының шәкірттері қолдарына шағын байрақ ұстап көшеге шықты. Оларды ұйымдастырып жүрген қоюшы режисерлер бірнешеу. Ал, мереке өтіп жатқан алаңнан алыс емес жерде сары киім киген жастар қазіргі президент Назарбаевтің суреті бар күнтізбе таратып, оған дауыс беруге шақырып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы жиындарға қатысқан оппозиция өкілдері мойындарына сары түсті орамал тағып шыққан еді. Ал, 25 қазан президенттік сайлау науқанындағы насихаттың басталатын күні.
XS
SM
MD
LG